Білім

Семейлік зияткерлер халықаралық байқауды бағындырды

Елордада өткен «Infomatrix-Asia» байқауында семейлік оқушылар мықты нәтижемен көзге түсті. Әлемнің әр түкпірінен 3000-нан астам өтінім беріліп, тек 600 үздік финалист таңдалған додада олар жүлдемен оралды.


Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бірнеше бағытта топ жарды. AI Hackathon бойынша үш оқушы күміс иеленсе, Applied Science санатында да күміс бұйырды. Ал «Short Movie» бағыты бойынша қола жүлде алды.


Айзере Сұлтангазина мен ғылыми жетекшісі Берікхан Қайыржан әзірлеген жоба жарыста ерекше қызығушылық тудырдырғн. Олар жасанды интеллект көмегімен дрондардың ұшуын тұрақты әрі үнемді ету жолдарын ұсынған.

Жеңімпаздарға Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті гранттары табысталды.

Семейлік зияткерлер тағы бір мәрте өз деңгейін дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button