Аймақ тынысы
Курчатовқа жаңа мәртебе беріле ме?

Семейде Курчатовты ғылым қалашығы ретінде дамыту мәселесі талқыланды.

Жиында 2027–2035 жылдарға арналған даму жоспары қаралып, ғылым мен инновацияны дамыту бағыттары сөз болды. Облыс әкімі бұл бастаманың өңір үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.

Курчатовқа ғылым қалашығы мәртебесін беру үшін тиісті мемлекеттік органдар бірлесіп, кешенді даму жоспарын әзірлеген.

Қалада инфрақұрылымды жаңарту, ірі жобаларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Жалпы құны 1,1 трлн теңге болатын 76 жоба жүзеге аспақ.



