Пойызда да «фильтр» бар

Елімізде әйелдерге арналған пойыз вагондарының қызметі кеңейіп келеді. Бүгінде бұл қызметті 856 мыңға жуық жолаушы пайдаланған.
Былтыр 260 мыңнан астам әйел билет рәсімдесе, 2026 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 65 мыңға жетті.
Қазір әйелдер вагондары 12 бағытта қатынайды:
— №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау»
— №351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1»
— №45/46 «Павлодар – Түркістан»
— №37/38 «Маңғыстау – Семей»
— №47/48 «Атырау – Нұрлы жол»
— №33/34 «Алматы-1 – Ақтөбе»
— №9/10 «Нұрлы жол – Алматы-2»
— №71/72 «Нұрлы жол – Шымкент»
— №354/353 «Нұрлы жол – Семей»
— №24/23 «Ақтөбе – Алматы-1»
— №25/26 «Алматы-2 – Шымкент»
— №614/613 «Орал – Маңғыстау»
Билеттер тек әйелдерге сатылады. Жолсеріктер де әйелдер. 7 жасқа дейінгі ұл балаларға бірге жүруге рұқсат етілген. Қызмет жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған.



