Басты жаңалық
Өртке қарсы ақылды көздер іске қосылды

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына сапары кезінде «Семей орманы» резерватындағы жаңа технологиялардың жұмысымен танысты.

Мұнда жасанды интеллект негізінде өртті ерте анықтайтын жүйе енгізілген. Камералар тәулік бойы бақылап, түтін не өрт белгілерін бірден анықтайды.

Қауіп тіркелсе, ақпарат жедел орталыққа жіберіледі. Бұл өртті тез сөндіруге мүмкіндік береді.

Қазір жүйе резерваттың барлық филиалында жұмыс істеп тұр. Ол 100-ден астам сынақтан өткен.
Жоба алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де енгізіледі.

Премьер-министр жұмысты жеделдетуді тапсырды.



