Басты жаңалық

Мирзиёев Тоқаевты әуежайдан қарсы алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды.

Мемлекет басшысын Бұхара қаласының әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Құрметті мейманға арнайы салтанатты рәсім ұйымдастырылып, ұлттық ән мен би ұсынылды.

Сапар аясында екі ел көшбасшылары бейресми кездесу өткізеді. Сондай-ақ олар Бұхара қаласындағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысандарын аралап, өңірдің дамуымен танысады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқылануы күтіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button