Басты жаңалық

Ұлттық қордан жастарға доллар жауды

Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 18 жасқа толған жастардың шотына миллиондаған доллар аударылып жатыр. Қазірдің өзінде жалпы сома 47 млн АҚШ долларына жуықтады.

2024 жылғы 1 ақпаннан бері 273 мыңнан астам өтініш мақұлданған. Қаражаттың басым бөлігі баспана мәселесін шешуге бағытталуда. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 29 млн доллар көлемінде 171 мыңнан астам өтініш қабылданған. Ал білім алуға 17 млн доллардан астам сомаға 101 мыңға жуық өтініш берілген.

Бағдарлама шартына сәйкес, алушылар қаражатты толық немесе ішінара пайдалана алады. Пайдаланылмаған бөлігі шотта сақталады.

Бұл бастама жастарға қаржылық қолдау көрсетіп, баспана алу мен білімге инвестиция жасауға мүмкіндік беріп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button