Басты жаңалық

Абай жерінде Ақтөбе үні

Абай жерінде рухани сабақтастықтың жаңа кезеңі басталды. Абай облысында Ақтөбе облысының мәдениет күндері ресми түрде ашылып, екі өңір арасындағы мәдени байланысты тереңдете түсті.

Өңірге Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров бастаған делегация арнайы келді. Құрамында облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, бірқатар басқарма басшылары мен шығармашылық ұжымдар бар.

Сапар барысында меймандар облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Абай ауданына барып, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесенесінде ұлылар рухына тағзым етті. Сонымен қатар «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығына қарасты Абайдың музей-үйін аралап, тарихи жәдігерлермен танысты.

Мәдениет күндері аясында Семей қаласында «Алтын бесік Ақтөбеден – Ұлы Абайға құрмет» атты гала концерт өтеді. Ақтөбелік өнерпаздар өнер көрсетіп, көрерменге ерекше бағдарлама ұсынады. Бұдан бөлек, Ақтөбе өңірінің тарихы мен мәдениетін танытатын тақырыптық көрме ұйымдастырылады.

Іс-шара екі өңір арасындағы рухани ынтымақтастықты нығайтып, мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button