Басты жаңалық
Бітейін деп тұрған құрылыстарды кім ұстап отыр?

Абай облысында ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтау мәселесі қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Жиынға жауапты басқармалар мен органдар қатысты. Олар өңірдегі проблемалық нысандар бойынша есеп берді.
Қаралған жобалар қатарында Бородулиха ауданындағы қазандық, Аягөздегі электр желісі, Үржардағы әлеуметтік нысан және Абай ауданындағы балалар лагері бар. Бұл нысандардың дайындық деңгейі 80–90 пайыз.
Облыс әкімі барлық құрылыстар заңға сай әрі қауіпсіз болуы керегін айтты. Сондай-ақ нысандар оның бақылауында болатынын жеткізді.
Жауапты мекемелерге құрылысты тез аяқтау тапсырылды.



