Заң

Қара тізімдегі сот орындаушылар көбейген

Елімізде 2 мыңнан астам жеке сот орындаушы бар. Бірақ бәрі бірдей таза жұмыс істемейді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы дерегінше, 88 орындаушы 660-тан астам алаяқтыққа барған. Соның тек 9-ы ғана жазаланған.

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы мәліметінше, 12-і лицензиясынан айырылып, 20-ға жуығы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Депутат Бақытжан Базарбек айтуынша, арасында алимент ақшасын жымқырғандар да бар.

Енді бақылау күшейеді:
– кеудеге жетон тағылады
– жұмыс видеоға түсіріледі
– жазбалар 5 жыл сақталады

Сонымен қатар «цифрлық сот орындаушы» арқылы айыппұл өндіру көлемі де артады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button