Спорт
Абайлық дзюдошы әлем мықтыларын тізе бүктірді

Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінде Абай облысының спортшысы Жалғас Қайролла чемпион атанды.

81 келіде белдескен спортшы финалда молдовалық Петру Пеливанды жеңіп, Grand Slam турниріндегі алғашқы алтын медалін иеленді.

Айта кетейік, жарысқа әлемнің 39 елінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Абай облысының өзге дзюдошылары да ел намысын қорғап жатыр.



