Басты жаңалық

Жаңа пәтерлер қашан беріледі?

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласының Қарағайлы шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Аймақ басшысына жауапты мердігер ұйым өкілдері жобаның қазіргі кезеңі, құрылыс қарқыны және инженерлік инфрақұрылым жұмыстары туралы баяндады. Жоба аясында 13 тұрғын үй салынуда.

Кешенде барлығы 67 тұрғын үй қарастырылған. Пәтерлердің жалпы аумағы 51 мың шаршы метрден асады.

Қазіргі таңда құрылыс алаңында ішкі әрлеу, инженерлік желілерді тарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру нәтижесінде семейліктер үшін заманауи әрі жайлы тұрғын үйлер пайдалануға берілмек.

Облыс әкімі құрылыс сапасы мен мерзімінің қатаң бақылауда болуы керектігін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button