Басты жаңалық

Қазтелеком маңындағы үй қандай құпияны сақтап тұр?

Семей қаласындағы ескі үйлердің бірі қазақ өнері мен әдебиетінің тарихымен тығыз байланысты болуы мүмкін. Дулатов көшесінде, қазіргі Қазтелеком маңында орналасқан бұл үйде белгілі орыс кеңес жазушысы Галина Серебрякова тұрған деген дерек айтылады.

Мәліметтерге сүйенсек, жазушы аталған үйде шамамен 1947–1950 жылдары өмір сүрген. Ал өлкетанушы Виктор Кашляктың айтуынша, бұған дейін Серебрякова 1937–1939 жылдары Семейдегі Дальняя және Потанин көшелерінде тұрған.

Бұл үйдің тарихын ерекше ететін тағы бір жайт — дәл осы жерде кейін қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова музыкадан сабақ алған. Сол кезде небәрі 18 жаста болған өнер иесіне Галина Серебрякова өз еркімен көмектесіп, консерваторияға түсуіне қолдау көрсеткен екен.

Тарихшылардың айтуынша, Серебрякованың тағдыры ауыр болған. Ол өмірінің 17 жылын түрмеде, лагерьлерде және айдауда өткізген.

Бүгінде бұл деректер Семейдің мәдени әрі тарихи өміріндегі маңызды естеліктердің бірі ретінде айтылып жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button