Семейде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды

Семей қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.
Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов, Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Тұрсын және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі заңдылық, ашықтық, адалдық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттігі айтылды. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту мәселесіне де назар аударылды.



