Басты жаңалық

Семейдегі жаңа көпір биыл ашылады

Семей қаласындағы ескі автокөлік көпірінің жанында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің құрылысы 85 пайызға аяқталды.

Төрт жолақты қозғалысқа арналған көпірдің ұзындығы 810 метр, ені 23 метр болады. Жобаның жалпы құны – 47,3 млрд теңге.

Жоба бойынша 9 тірек орнату жоспарланған, оның 8-і тұрғызылды. Сонымен қатар 9 мың тонна металл конструкцияның 8,5 мың тоннасы монтаждалып, жоғарғы металл аралық құрылымның 759 метрі орнатылды.

Қазір нысанда 200-ден астам адам еңбек етіп жатыр. Қажетті құрылыс материалдары толық көлемде сатып алынған. Жаңа көпір арқылы көлік қозғалысын биыл іске қосу жоспарланып отыр.

Ал қолданыстағы ескі автокөлік көпірі кейін жаяу жүргіншілерге арналған, серуендеуге және демалуға қолайлы кеңістікке айналмақ.

Құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, нысанның сапасын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button