Басты жаңалықЗаң

Мобильді аударымдар: кімдер тексеріледі?

Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты салықтық бақылау шегі 1 557 000 теңгеге дейін өсті.

Тексеріске ілігу үшін қатарынан үш ай бойы екі талап бірдей орындалуы керек:

  1. Үш айдың әрқайсысында азаматтың банк шотына 100 немесе одан да көп түрлі адамнан ақша түсуі тиіс.
  2. Осы үш айдағы барлық аударымның жалпы сомасы 1 557 000 теңгеден асуы қажет.

Мысалы: қаңтар, ақпан және наурыз айларында шотқа ай сайын кемінде 100 түрлі адамнан ақша түсіп, үш айдағы жалпы сома белгіленген шектен асса, азамат салықтық бақылауға ілігуі мүмкін.

Маңыздысы, 100 адамнан ақша түсу талабы әр айға жеке есептеледі, ал 1 557 000 теңге үш айдағы аударымдардың жиынтық сомасы бойынша анықталады.

Жеке мақсаттағы аударымдарға автоматты түрде салық салынбайды. Бақылаудың мақсаты – кәсіпкерлік табысын мобильді аударымдар арқылы жасыру жағдайларын анықтау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button