Басты жаңалық
Өңірге серпін беретін әйелдер

Абай облысында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау күшейіп келеді. Биыл 21 әйелге 95 млн теңге грант берілді. «Даму» қоры арқылы 42 әйел 1,6 млрд теңге субсидия алған. Әйелдер мемлекеттік қызметшілердің 58,4%-ын құрайды, оның 370-і — басшылық лауазымда.
Облыс әкімі Берік Уәли түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген іскер әйелдермен кездесті. Жиынға қоғам қайраткерлері мен гендерлік саясат бойынша мамандар қатысты.
Кездесуде өңірдегі гендерлік саясат, әйелдердің қоғамдық және экономикалық белсенділігін арттыру, ана мен баланы қолдау мәселелері талқыланды.



