Басты жаңалық
Абай енді шеттің майына тәуелді емес

Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру нәтижесінде майлы дақылдар өндірісі артып келеді.
Мақаншы ауданында құны 7 млрд теңге болатын құрама жем өндіру және майлы дақылдарды өңдеу зауыты іске қосылды.
Үржар ауданында 1,5 млрд теңгеге майлы дақылдарды өңдеу зауыты пайдалануға берілді.
Сонымен қатар биыл Семей қаласында құны 8,2 млрд теңге тұратын тазартылған күнбағыс майын өндіру желісі іске қосылады. Бұл жоба өңірдің ішкі қажеттілігін толық өтеп, жыл сайын 72 мың тонна өнім шығаруды қамтамасыз етеді. Оның 60 мың тоннасы экспортқа жөнелтіледі, бұл импортқа тәуелділікті жояды.



