Басты жаңалық

Үржар ауданында су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Абай облысының Үржар ауданында көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта аудан көлемінде кең ауқымды тазалық күні ұйымдастырылып, оған 35 елді мекеннен мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары және тұрғындар белсенді қатысты.

Іс-шара барысында елді мекендердегі арықтар тазартылып, еріген қар суының кедергісіз ағуына жағдай жасалды. Бұл өз кезегінде су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Аудан аумағында «Казсушар» Абай облыстық филиалының теңгерімінде 5 су тарату торабы, 16 магистралдық канал және 2 су қоймасы бар. Тазалық жұмыстары кезінде 15 көпір мен 159 су өткізгіш құбыр тазартылып, олардың қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта су сору жұмыстарына 21 мотопомпа дайын тұр. Сонымен қатар ауылдық округтерде уақытша бөгеттер тұрғызу үшін 5200 қап инерттік материал әзірленген.

Көктемгі кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары аудан аумағында тұрақты түрде жалғасып жатыр.

Дереккөз:Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button