Басты жаңалықБілім
Ақылды көзілдірік: жолды өзі айтады

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Әлихан Сұлтанов пен Гаухар Болатова көру қабілеті бұзылған адамдардың қауіпсіздігі мен дербестігін арттыруға бағытталған смарт-көзілдірік пен веб-қосымшаның прототипін әзірледі.
Құрылғы Raspberry Pi 5 негізінде жұмыс істейді және бірнеше технологияны біріктіреді.
Компьютерлік көру – нысандарды анықтап, классификациялайды.
Стереокөру – қашықтықты дәл есептейді.
Дауыстық көмекші – пайдаланушыға ақпарат беріп, дауыспен басқаруға мүмкіндік береді.
Веб-платформа пайдаланушының орнын нақты уақытта бақылауға жағдай жасайды.
Эксперимент нәтижелері жүйенің жұмысқа қабілетті екенін көрсетті. Көзілдірік кедергілерді анықтап, жақындаған кезде ескертеді, ал дауыстық интерфейс қолжетімді навигацияны қамтамасыз етеді.



