Басты жаңалық
Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 12 тұрғын келді. Кездесуге бөлім басшылары мен коммуналдық қызмет өкілдері де қатысты.
Жеке қабылдау барысында баспана, тұрғын үй кезегі, жарықтандыру, жол жөндеу, абаттандыру және әлеуметтік көмекке қатысты мәселелер көтерілді. Әрбір өтініш нақты тыңдалып, заң аясында түсіндірме берілді.
Қала басшысы түйткілді сұрақтар бойынша тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Кей мәселелер бақылауға алынып, орындау мерзімі белгіленді.
Мұндай қабылдаулар тұрғындар мен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, өзекті проблемаларды жүйелі шешуге мүмкіндік береді.



