Басты жаңалық

Семейде жылу инфрақұрылымын жаңғырту жалғасуда

Абай облысында халықты сапалы жылумен қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр. Биыл Президент пен Үкіметтің қолдауымен бұл мақсатқа 11,8 млрд теңге бөлініп, Семей қаласында 12 жылу көзі жаңғыртылып, 13,6 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Қала мен аудан орталықтары жылыту маусымына қажетті көмір қорымен толық қамтылды.

Семейдің оң жағалауындағы жылу тапшылығын шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа жылу электр орталығын салу жоспарланған. Қазіргі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жылу электр орталығының алғашқы кезеңін 2029 жылдың үшінші тоқсанында іске қосу көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button