Абай облысында 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру басталады

Абай облысында 1 наурыздан бастап мерзімді әскери қызметке көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруімен жұмысқа кіріседі.
Көктемгі науқан барысында Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметі бөлімдерін 18–27 жас аралығындағы, шақырудан босатуға немесе кейінге қалдыруға негізі жоқ 650-ден астам өңір тұрғыны толықтырады.
Әскерге шақырылушыларға хабарлама тұрғылықты мекенжайы бойынша шақырту қағазы және 1414 қызметі арқылы SMS-хабарлама жолдау арқылы жүргізіледі. Ал кейінге қалдыру немесе босату қызметтері электрондық үкімет порталы арқылы рәсімделеді.
Сондай-ақ соңғы жылдары мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар жеңілдіктер қарастырылғаны атап өтілді.



