Басты жаңалық

Бірге! Бір толқында!

Абай облысында дәстүрлі жастар форумы өтіп, өңірдің белсенді жастары мен жастар ұйымдарының жыл бойғы еңбегі қорытындыланды. Форумда облыс әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы иелеріне табысталды.

Арнайы сыйлық иегерлері қатарында Семей қаласының және Ақсуат ауданының жастар ресурстық орталықтары аталды. Ал «Үздік жастар ресурстық орталығы» номинациясының бас жүлдесін Бесқарағай ауданының Жастар ресурстық орталығы «Үздік көшбасшы» аталымында екі жас марапатталды: Шәкәрім университетінің студенттік спикері Елубаев Нұрасыл Қапанұлы және Көкпекті ауданының белсенді жасы Келербекова Назым Жұмабековна.

«Үздік жас еңбек адамы» атағына Ақтаев Төлеген Сарсенбайұлы (Семей цемент зауыты) және Өкен Оспан (ҚР Ұлттық ядролық орталығы) лайық деп танылды.

«Үздік жас волонтер» номинациясы үш жасқа берілді: «Шаңырақ» студенттік Ассамблеясының төрағасы Рысбек Айым Қайратқызы, №37 гимназияның оқушысы Төкен Еділ Ролланұлы, және медицина колледжінің студенті, медициналық волонтер Төлеубекова Айгерім Ғибатқызы.

Форумның «Үздік жас отбасы» аталымын Жарма ауданынан көпбалалы Енсеновтар жанұясы иеленді. Олар тәрбиелік бағыттағы @superzhandar блогымен де танымал.

Жастардың жетістіктер көрмесі, салалық жобалар, инновациялық жұмыстар және шығармашылық қойылымдармен толыққан форум өңір жастарына жаңа серпін беріп, ортақ бастамаларды дамытуға мүмкіндік ашты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button