Басты жаңалық
Абай ауданында су құбырлары қайта жаңғыртылады

Абай ауданының Архат, Құндызды, Кеңгірбай би, Медеу су ауылдық округтерінде құбырларды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жоспарға сай жыл соңында Медеу ауылдық округіндегі су құбырының құрылысын аяқталып, пайдалануға берілмек.
Нысанда 5 техника және 25 жұмысшы жұмылдырылған. Мердігер ұйым тарапынан су тарту жұмыстары толық аяқталды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары үйлеріне ішкі су жүйесін кіргізу жұмыстарын жүргізуде.
2026 жылы Абай ауданы толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етілемек.



