Басты жаңалық
Абайда отбасылық фестиваль өтті

Абай облысында «Отбасылық құндылықтар – әділдік пен сенімнің бастауы» атты фестиваль ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – отбасы берекесін нығайту, салт-дәстүрді дәріптеу және қоғамда бірлік пен сыйластықты арттыру.

Фестивальдің ашылуында облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов сөз сөйлеп, отбасындағы тәрбие мен қоғамдағы тәртіптің бір-бірімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Сайысқа қатысқан отбасылар өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, қызықты тапсырмаларда бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша Мақаншы ауданынан келген отбасы бірінші орынды иеленді. Екінші орын Абай ауданына, ал үшінші орын Бесқарағай және Көкпекті аудандарының отбасыларына бұйырды.



