Басты жаңалық
Мүгедектігі бар балалардың анасы қолдау күтеді

Тарбағатай ауылында тұратын мүгедектігі бар балалардың анасы аудан орталығы Аягөзге қатынаудың қиын екенін айтып, жергілікті биліктен көмек сұрады.
Айтуынша, балаларын ем-дом мен тексеріске жиі апару қажет. Алайда жолдың алыстығы мен жол шығыны отбасына үлкен ауыртпалық түсіреді. Сонымен қатар жол-жөнекей туындайтын өзге де қиындықтар бала күтімін одан сайын күрделендіріп отыр.
Тарбағатай ауылының тұрғыны Аягөз қаласынан баспана берілсе, медициналық қызметке қолжетімділік артып, балалардың жағдайына оң әсер ететінін жеткізді.
Бұл мәселеге қатысты Абай облысының әкімі Берік Уәли қолдан келгенше көмек көрсетілетінін атап өтті.


