«Абай жолы» кітапханасы аясында 25 жаңа кітап таныстырылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Абай жолы» кітапханасы жобасы бойынша шыққан жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті.
Биыл жоба аясында 19 автордың 25 кітабы, жалпы 12 500 дана таралыммен жарық көрді. Топтама Семей өңірінің ақын-жазушылары мен зерттеушілерінің әдеби, ғылыми және деректі еңбектерін қамтиды. Кеңес жұмысын Шәкәрім университетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арап Еспенбетов басқарады.
Абайдың 180 жылдығына орай Абай тақырыбына арналған бірқатар еңбектер Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Қайым Мұхамедхановтың зерттеулері, Кәмен Оразалиннің «Абай ауылына саяхат» шығармасы және өзге де авторлардың туындылары жарық көрді. Сонымен қатаАбай кітапханасының сирек қорынан алынған еңбектер мен өлкетанушылардың зерттеулері оқырманға ұсынылды.
Шарада жаңа кітаптар экспозициясы көрсетіліп, электронды кітапхана қоры таныстырылды. Театр әртістері авторларға арналған әдеби қойылымдар орындады.
2023–2027 жылдарға арналған жоба аясында бүгінге дейін 61 атаулы кітап 30 500 данамен басылып шыққан.



