Басты жаңалық

Семейде жаңа мектеп ашылды

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту аясында Семей қаласында №53 жалпы орта білім беретін мектеп ресми түрде ашылды. Нысан «Келешек мектептері» жобасы аясында салынып, заманауи талаптарға толық сәйкес келеді.

300 орынға арналған білім ордасында оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін пәндік кабинеттер, информатика және робототехника сыныптары, жаратылыстану бағытындағы зертханалар қарастырылған. Сонымен қатар мектепте кітапхана, оқу залы, акт залы және асхана жұмыс істейді.

STEM бағытындағы зертханалармен, шығармашылық және еңбекке баулу кабинеттерімен жабдықталған мектепте барлық сыныптар заманауи техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін де барлық жағдай жасалған. Ғимаратта лифт, тактильді жолдар және ыңғайлы кіру-шығу инфрақұрылымы орнатылған.

Спорттық бағытта да толық мүмкіндік бар: кең спорт залы, ойын залдары және ашық спорт алаңдарымен жабдықталған.

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес нысан өртке қарсы жүйелермен, бейнебақылаумен және эвакуациялық шығу жолдарымен толық жабдықталған.

Жаңа мектептің ашылуы өңірдегі білім сапасын арттырып, оқушыларға қолайлы әрі заманауи ортада білім алуға мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button