Басты жаңалық
Сүйіктісіне ұсыныс жасаған сарбаз

Семей қаласында өткен әскери ант қабылдау салтанаты көпшілік үшін әсерлі сәтпен есте қалды.

Павлодардан шақырылған сарбаз Валентин Таворский–Скрипников ант қабылдау рәсімінен кейін сүйіктісіне жүзік ұсынып, үйленуге ұсыныс жасады.
Төрт жыл бірге жүрген жұбы ұсынысты қуанышпен қабылдады. Жиналғандар қос жасты қолдап, ұзақ қошемет көрсетті.

Әскери борышын өтеу әр жігіт үшін жауапты кезең. Ал Валентин үшін бұл күн тек Отан алдындағы антпен ғана емес, өміріндегі жаңа белестің басталуымен де ерекшеленді.



