Абай облысында құрылыс сапасы мен экономикалық көрсеткіштер талқыланды

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік құрылыс нысандарының сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды.
1 желтоқсанға дейін негізгі көрсеткіштердің басым бөлігі бойынша оң өсім тіркелді. Өнеркәсіп, өңдеу саласы, ауыл шаруашылығы және құрылыс бағыттарында жыл соңына дейін жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу көзделіп отыр.
Биыл құрылыс жұмыстарын бастауға 881 талон-хабарлама тіркеліп, оның 618 нысанын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Облыс бойынша 142 бюджеттік нысанда құрылыс сапасына мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою тапсырылды.
Аймақ басшысы инвестиция тарту мен салынып жатқан нысандардың сапасын қатаң бақылауда ұстауды, жоспарланған құрылыс жобаларын уақтылы аяқтауды міндеттеді.



