Семейге қызмет ету – ортақ міндет

Президент тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту бағытында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 3 спорт нысаны пайдалануға берілсе, 5 спорт кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. Қазіргі таңда тағы 12 спорт нысаны салынуда. Оның ішінде Ұшақтар кентінде құны 1,4 млрд теңге болатын дене шынықтыру және сауықтыру кешені бар. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен 5 спорт нысаны бой көтеруде.
«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында «KazMinerals» ЖШС Семейдің жаңа ықшам ауданында 25 мың орындық, УЕФА стандарттарына сай заманауи стадион құрылысын бастады. Бұл – қала тұрғындары көптен күткен маңызды жоба.
Өңір басшысы сөз соңында Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бірлескен еңбектің нәтижесі екенін атап өтіп, алға қойылған мақсат-міндеттер тұрғындардың қолдауымен кезең-кезеңімен жүзеге асатынын жеткізді.



