Басты жаңалық

«Достық–2025» — өңірдегі қоғамдық келісім алаңы

Абай облысының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары арасында өткен «Достық–2025» байқауы қорытындыланды.

«Достық-2025» шарасы азаматтық қоғамды дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға бағытталды. Оған өңір бойынша тіркелген 25 этномәдени бірлестік пен қоғамдық институт қатысты.

Жиында өңір басшысы ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызын атап өтті. «Адал еңбек, риясыз көңілдің арқасында, сіздер татулық пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер. Соның дәлелі – бүгінгі «Достық» байқауы. Бұл – өңіріміздегі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, ынтымақ-бірлігімізді нығайтуға бағытталған маңызды шара. Өзге өңірлерде мұндай байқау ұйымдастырылмайды. Тек Абай облысында ғана өткізілетін маңызды алаң десек болады. Қашан да белсенді азаматтық ұстаным, ел тыныштығы мен ұлт тұтастығын көксеген сіздердің еңбектеріңіз орасан зор!», – деді Берік Уәли.

Шара барысында ұлттық бірлік пен татулықты нығайтуға үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Сонымен қатар рухани бірлік, азаматтық қоғамды дамыту, мәдени мұра мен ұрпақ сабақтастығын дәріптеу бағыттында белсенді болған ұйымдар үздік деп танылды.

Марапаттау рәсімі мерекелік бағдарламамен жалғасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button