Мәдениет
Сахнадағы сәтті маусым

2025 жылы Абай өңірінің театр және музыка саласы айрықша табыстарымен көзге түсті. Өңір өнерпаздары республикалық және халықаралық сахналарда жоғары бағаланды.
Жыл ішінде театр ұжымдары 157 спектакль қойып, 39 564 көрерменді қамтыды.
Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік апта аясында байқаулар, фестивальдер және гала-концерттер ұйымдастырылды. Филармония жыл бойы 85 концерт өткізіп, 23 937 көрерменге өнер көрсетті.



