Мәдениет

Абайда театр майталмандары марапатталды

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Абай облысында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Кеш барысында өңірдің театр саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің кәсіби еңбегі атап өтіліп, бірқатар маман мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды.

«Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі Абай театрының артисі Сыдықов Мырзахан Демесінұлына, Достоевский театрының артисі Юдина Анна Сергеевнаға және «Дариға-ай» театрының сахна тілі маманы Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызына табысталды.

Абай облысы әкімінің алғыс хаты Мұханбетова Шолпан Асқарқызына, Макеев Вячеславқа және Құдайбергенова Гүлжан Құдайбергеқызына берілді.

Тұңғышбай Жаманқұловтың «Дара» медалі Чинкебаева Нұрбағилаға, Сүлейменов Ержан Тлеубекұлына және Берекпулова Жаннаға табысталды. Сонымен қатар, аталған тұлғаның алғыс хаты Габбасова Ақерке Ризабекқызына, Малицкая Анастасияға және Бейсенұлы Рауанға тапсырылды.

«Ең үздік ер адам бейнесі» аталымы бойынша Маукенов Асхат Аманғазыұлы, Ермолаев Егор және Қалым Ербұлан үздік деп танылды. Ал «Ең үздік әйел адам бейнесі» аталымында Айтжанова Альмира Еркенқызы, Ермолаева Елена және Құрманғалиева Балауса Кенжеғалиқызы марапатталды.

Сондай-ақ, арнайы сыйлықтар табысталды. Бекен Имаханов атындағы сыйлық Мұратханова Насима Мұратханқызына, М.Достоевский атындағы сыйлық Карельская Ксенияға, Рахымжан Отарбаев атындағы сыйлық Асылбекова Асел Серікқызына берілді. Яков Горельников атындағы сыйлық Сухов Александрға, Ақбарәлі Айтибаев атындағы сыйлық Өмірханов Думан Серікұлына табысталды.

Іс-шара аясында Аптеева Назира Төлеубайқызына арнайы жолдама берілді.

Мерекелік кеш театр саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалауға бағытталып, өңірдегі мәдениет саласының дамуына серпін беретін маңызды алаңға айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button