Басты жаңалық

Абай облысында тұтынушыларға 36 млн теңге қайтарылды

2025 жылы Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 1160 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп.

Өтініштердің көбі жазбаша және жеке қабылдаулар арқылы түскен. Сонымен қатар тұрғындар «жедел желі» мен Telegram-ботты да белсенді пайдаланған.

Азаматтар талап еткен қаражаттың жалпы сомасы 46,2 млн теңгені құрады. Соның 36,1 млн теңгесі, яғни 78 проценті қайтарылды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 9,1 млн теңгеге артық көрсеткіш.

Көбіне тұрғындар жеке саудаға шағымданған. Осы бағытта 334 өтініш қаралып, тұтынушыларға 25 млн теңге қайтарылды.

Екінші орында тұрмыстық қызметтер. 155 өтініш, қайтарылған сома 9 млн теңге.

Ал электрондық сауда бойынша 94 өтініш түсіп, 1,7 млн теңге өндірілді.

Негізінен азық-түлікке жатпайтын тауарларды қайтару, сапасыз өнім сату, жиһаз, терезе мен есік дайындау және жөндеу қызметтеріне қатысты шағымдар жиі кездеседі.

Департамент тұтынушылардың құқығын қорғау үшін сот процестеріне де қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button