Басты жаңалық

Абай облысында энергетика саласының қызметкерлері марапатталды

Абай облысында Энергетика саласы қызметкерлерінің күніне орай бірқатар азамат марапатталды. Шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, энергетика саласында еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кездесу барысында өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткен бірқатар маманға мемлекеттік марапат, Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы және облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

«Теплокоммунэнерго» МКК қызметкері Светлана Кротова Президент Жарлығымен «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Сонымен қатар сала үздіктеріне «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» төсбелгілері мен салалық медальдар берілді.

Облыс әкімі энергетиктердің еңбегі ел үшін аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, жарық пен жылудың үздіксіз берілуі осы сала мамандарының күнделікті тынымсыз еңбегінің нәтижесі.


Семей қаласында жаңа жылу электр орталығын салу жоспарланып отыр. Бұл жоба өңірдің энергетикалық мүмкіндігін күшейтіп, қаладағы жылу мәселесін кезең-кезеңімен шешуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button