Заң
Рұқсатсыз оқ атылды: Көкпектіде заңсыз аңшылық

Көкпекті ауданында 28 жастағы азамат рұқсат қағазы болмастан қасқырды атқан.
Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары шара қолданып, азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылды. Рұқсатсыз аң аулағаны үшін оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, құқықбұзушымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция өкілдері қасқырдың табиғи экожүйедегі маңызына назар аударып, жыртқыш аңдардың табиғи тепе-теңдікті сақтауда ерекше рөл атқаратынын еске салды. Рұқсатсыз аң аулау заңға қайшы. Қоршаған ортаға да зиян келтіреді.



