Заң
Жүргізушілер ережені елемейді

Абай облысында жыл басынан бері жол қауіпсіздігіне қатысты мыңдаған құқықбұзушылық тіркелді.

Абай облысы Полиция департаменті мәліметінше, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 26 мыңнан астам фактісі анықталған.
Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 468 жағдайы тіркелді.

Құқықбұзушылықтардың бір бөлігі дрондар арқылы анықталған.
Полиция жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырып, әрбір әрекет адам өміріне әсер ететінін ескертті.



