Заң

Көлік салығы — төлейміз, түсінбейміз

Қазір әр үйде кем дегенде екі көлік бар. Ал Абай облысында 70 мыңнан аса көлік тіркелген. Бірақ еліміз бойынша бұл көрсеткіш шамамен 6 миллионға жуық. Олардың 2,5 миллионы 20 жылдан бері қолданыста жүрген ескі көліктер.

2026 жылы көлік салығы өзгереді. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, ескі және қозғалтқышы үлкен көлік иелері салықты аз төлейді.

Басты жаңалық — қозғалтқыш көлемі 3 литрден жоғары көліктердің салығы едәуір азаяды. Келер  жылдан бастап көлік шығарылған жылына қарай жеңілдік коэффициенті қолданылады. Ескі көлік иелері үшін салық жеңілдейді.

Көбі салықтың қайда жұмсалатынын білмейді. Көлік салығы республикалық емес, жергілікті деңгейдегі салық. Түскен әр теңге жергілікті бюджеттің арнайы қорына түседі.

Салық сомасы облыстың жергілікті бюджетіне түседі. Ол ақша Алматы немесе Астанаға кетпейді. Дәл сол өңірдің қажетіне жұмсалады.

Жаңа көлік аларда сыртқы келбетіне немесе брендіне ғана қызықпаңыз.Ең бастысы — өзіңізге ыңғайлы, сенімді және қалтаңызға сай көлік таңдау.Бренді жаңа болмаса да, көлікке салынатын салық едәуір азаятынын ұмытпаңыз.
Жолың болсын жолаушы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button