Дін мен дәстүр
Діни сұрақтарға жасанды интеллект жауап береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін «Imam AI» мобильді қосымшасын іске қосуды жоспарлап отыр.
Мүфтият мәліметінше, жаңа қосымша халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, қосымша сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сауалдарға лезде жауап беретін цифрлық көмекші қызметін атқарады.
Жоба заманауи технологияларды діни салаға жүйелі енгізу мақсатында жүзеге асырылмақ.
