Әлеумет
Бородулихада ауыл кәсіпкерлігі дамып келеді

Бородулиха ауылында мемлекеттік қолдаудың арқасында қоғамдық тамақтану саласында жаңа жоба іске қосылды. Ауыл тұрғыны, көп балалы әке Айдос Бичуинов мемлекеттік грант иегері. Шағын дәмхана ашып, фаст-фуд өнімдерін дайындауды жолға қойды.
Жоба Бородулиха ауылында жүзеге асырылды. Қысқа уақыт ішінде нысан жергілікті халық арасында сұранысқа ие болып, тұрақты келушілері көбейген.

Кәсіпкердің бастамасы 2025 жылдың қараша айында қызмет аясын кеңейтіп, шағын дәмхананы толыққанды кафе форматына көшірді. Мәзірдегі тағамдар саны көбейіп, қызмет көрсету сапасы артты. Одан бөлек тұрақты жұмыс орны құрылды. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, сервистік қызмет түрлерін дамытып отыр.



