Басты жаңалық
Бесқарағайда бассейн құрылыс аяқталуға жақын

Бесқарағай ауылында жаңа жүзу бассейнінің құрылысы жалғасуда. Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Тапсырыс беруші – Абай облысының құрылыс басқармасы.
Жалпы құны – 866,6 млн теңге. Қазіргі таңда 771,6 млн теңге игерілген. Нысанды «Golden City DS» компаниясы салуда. Жобалаушы «СемейПроект», ал техникалық бақылауды «Нурай-Сервис» жүргізіп отыр.

Бассейн ғимараты бір қабатты, жалпы аумағы 1228,88 шаршы метр. Нысан 85% дайын. Қазір ішкі әрлеу және бассейн жабдықтарын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Бассейн бір ауысымда 40 адамды қабылдай алады.



