Басты жаңалық
Жаңа Конституцияның алғашқы жобасы таныстырылды

ҚР жаңа Конституциясының алғашқы жобасы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алтыншы отырысында қаралды.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, құжат кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.
Оның сөзінше, Конституцияның преамбуласы толықтай жаңартылған. Онда елдің тарихи жолы, бүгінгі даму бағдары мен болашаққа арналған жалпыұлттық құндылықтар қамтылған.
Жаңа Конституцияда адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым мен инновацияны ілгерілету мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалған.
«Ұсынылған жаңашылдықтар кең көлемде талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапты», – деді Бақыт Нұрмұханов.



