Басты жаңалық
Бесқарағайда полицей өрттің алдын алды

4 ақпан күні кешкі сағат 18:30 шамасында Бесқарағай ауылындағы Юность көшесінде орналасқан үйлердің бірінің шатырынан өрт шыққан. Бұл туралы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сол маңда қызметте жүрген учаскелік полиция инспекторы Асет Сағадиев түтінді байқап, бірден үйге қарай беттеген. Алдымен үйдегі адамдарды сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге көшірген.
Одан кейін өрттің күшейіп кетпеуі үшін жалынды сөндіруге көмектесті. Соның арқасында от басқа үйлерге тарамай, дер кезінде тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ.
– Түтінді көріп, бірден бардым. Ең бастысы, адамдарды қауіпсіз жерге шығару болды, – дейді полиция қызметкері.
Осылайша полицейдің жылдам әрекеті үлкен қауіптің алдын алды.



