Аймақ тынысы
Қаладан ауылға: Байқошқар қолдау көрсетеді

Аягөз ауданының Байқошқар ауылы «Қаладан — ауылға» жобасын қолдайды. Ауылға көшіп келетін отбасыларға көмек беруге дайын.
Қоныс аударған әр отбасыға тұрақты тұрғын үй беріледі. Шаруашылық жүргізу үшін 3 бас ірі қара, 1 бас жылқы және 10 бас ұсақ мал ұсынылады. Бұл жаңа қоныстанушыларға жеке шаруашылығын бастап, табысын арттыруға мүмкіндік береді.
Тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесі де қарастырылған. Ауылда мал шаруашылығы мен басқа да еңбек бағыттары бойынша жұмыс табуға мүмкіндік бар.
Бұл бастама ауылдың дамуына және халық санының артуына да оң әсер етеді.
Толық ақпаратты 8 775 798 80 18 нөмеріне хабарласу арқылы біле аласыздар.



