Басты жаңалық

Қытай медиасында Қазақстандағы конституциялық реформалар қызу талқылануда

Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар шетелдік ақпарат кеңістігінде де кеңінен талқыланып жатыр. Әсіресе Қытайдағы блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушылары бұл өзгерістерге ерекше назар аударып, түрлі пікір білдіруде.

Онлайн платформалар мен әлеуметтік желілерде қазақстандық саяси жаңғыруға оң баға берген жазбалар саны артқан. Көптеген қолданушылар реформаларға қызығушылық танытып, елге ізгі тілектерін жолдауда. Пікірлер арасында «Қазақстан жаңғыру жолына түсті», «Билік пен қоғам арасындағы байланыс күшейіп келеді», «Құқық үстемдігіне негізделген жаңа жүйе қалыптасып жатыр» деген көзқарастар жиі айтылады.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі жүргізіліп жатқан өзгерістерді саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалайды. Сондай-ақ реформалар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға ықпал етеді деген пікірлер де бар.

Кейбір желі қолданушылары елдегі өзгерістерге бастамашы болған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөліне де тоқталып, жүргізіліп жатқан реформаларды ел дамуының жаңа кезеңі ретінде сипаттайды.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы саяси өзгерістерге шетелдік аудиторияның назар аударуы жүргізіліп жатқан реформалардың халықаралық деңгейде де қызығушылық тудырып отырғанын көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button