Басты жаңалық

Кәсіпкерлерге берешекті өтеуге жеңілдік берілді

Қазақстанда микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары бекітілді.

Құжатқа сәйкес, кәсіпкерлер салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектерін толық өтеген жағдайда, есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар жойылады. Бұл талап 2026 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында орындалуы тиіс.

Есептен шығаруға 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген өсімпұлдар, сондай-ақ қарыз толық өтелген күнге дейін есептелген өсімпұлдар мен мемлекеттік кірістер органдары салған айыппұлдар жатады.

Сонымен қатар төлеу мерзімі өзгертілген міндеттемелер, оның ішінде оңалту және банкроттық рәсімдері аясындағы берешектер толық өтелген жағдайда да санкциялар жойылады.

Бұдан бөлек, қосылған құн салығы бойынша тіркеуге дейінгі айналымдар үшін салынған айыппұлдарды есептен шығару мүмкіндігі де қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, бұл шешім шағын кәсіпкерліктің қаржылық жүктемесін азайтып, бизнестің тұрақты дамуына мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button