Басты жаңалық

Ұлттық Банк валюта нарығына қашан араласады?

Қазақстанда еркін айырбас бағамы режимі қолданылады. Бұл жағдайда теңге бағамы әкімшілік жолмен белгіленбейді. Ол ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен, яғни нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады.

Бағам динамикасына жаһандық қаржы нарығындағы жағдай, мұнай мен басқа да шикізат бағасы, валюта нарығына қатысушылардың әрекеті және экономикалық күтулер ықпал етеді.

Ұлттық Банк теңге бағамын мақсатты көрсеткіш ретінде қарастырмайды және оның нақты деңгейіне қатысты алдын ала болжам жарияламайды. Бағам нарықтағы ахуалға сай айқындалады.

Реттеуші орган валюта нарығына тек қаржылық тұрақтылыққа қауіп төнген жағдайда немесе шамадан тыс алыпсатарлық қысым туындап, күрт құбылмалылық байқалған кезде ғана араласуы мүмкін. Негізгі мақсат – нарықтағы тұрақтылықты сақтау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button