Басты жаңалық

«Қаңғыбас»: өңірде қауіпсіздік шаралары күшейді

25–27 ақпан аралығында Абай облысында «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақсаты – қоғамдық тәртіпті күшейту, қаңғыбастықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері жоқ азаматтарды анықтап, оларды тіркеуге алып, қажет болған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетіп жатыр. Сонымен қатар қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Рейд барысында теміржол вокзалдары, базарлар, жалдамалы пәтерлер мен саяжайлар тексеріледі. Құжатсыз жүрген адамдардың жеке басы анықталып, көмекке мұқтаж жандар арнайы орталықтарға жеткізіледі. Кәмелетке толмағандардың қараусыз қалмауына да ерекше көңіл бөлініп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button