Басты жаңалық

Министр: Отандық ірімшіктің сапасы импорттан кем емес

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қазақстанда өндірілетін ірімшіктің сапасы шетелдік өнімдерден кем түспейтінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұтынушылар өнімді сапасы мен бағасына қарай өздері таңдайды. Осыған байланысты елімізде ірімшік өндірісін арттыруға басымдық берілуде.

Қазір ірімшік өндірісінің үлесін 58 пайызға жеткіздік. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін арттыру жоспарда бар, – деді министр.

Жиында отандық ірімшіктің бағасы туралы айтылды. Министрдің түсіндіруінше, өнімнің құны оның қай сауда желісінде сатылатынына байланысты қалыптасады.

Өнімді өндіру кезінде бағасы салыстырмалы түрде төмен болады. Алайда делдалдар мен сату орындары бағаға әсер етеді. Жалпы сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс, – деді Айдарбек Сапаров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button